ДОНОР болу – қайырымды іс

842 Views

Құрметті аудан тұрғындары!
Қан – өмірдің нәрі. Ол түрлі қауіпті жағдайларға тап болған адамдарға, олардың жандарын сақтап қалу үшін пайдаланылатын бірден-бір қымбат физиологиялық қасиеті бар препарат.
Донор болу – көп уақыт пен күш жігерді қажет етпейтін қайырым­дылықтың түрі және әрбір саналы адам­ның азаматтық борышы саналады. Әрбір донор қан тапсырудың денсаулыққа да, адамның қан құрамына да тигізер пайдасы болмаса, зияны жоқ екендігін түсінгені жөн.
«Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы кәсіпорындар, меке­мелер, мемлекеттік органдар басшы­ларына «Донор күнін» ұйым­дастыруға, сондай-ақ барлық ықылас білдірушілерге, соның ішінде жастарды қан тапсыру пунктеріне келіп қан беруіне, қан дайындау ұйымдарында оның таусылмас қорын жасауға шақы­рады.
Біз, қан тапсыруды – мыңдаған өмір­лерді сақтап қалудағы әрқай­сы­сымыздың азаматтық міндетіміз деп есептейміз.
Мейірім Рухы тек жылы сөз және жақсы істерден ғана емес, сондай-ақ адамдардың өмірін құтқарудан да тұратынын есте сақтаңыздар.
Қан тапсырушы азаматтар мен азаматшалар!
Донор күні 2020 жылдың 21 қаңтары күні сағат 9.00-18.00 дейін аудандық орталық ауруханада өткізіледі.
Қан тапсыруға жақсылап демалып, өздеріңізбен бірге жеке куәліктеріңізді алып келулеріңіз керек. 450 мл мөлшер­де қан тапсыру сіздің ағзаңызға мүлде қауіпсіз. Донорлар қанындағы гепатит В, С АҚТҚ – инфекциялары, мерез, бруцеллез тегін тексеріледі.
Қан тапсыру алдында донор тамақтану тәртібін сақтау керек:
— қан тапсыру қарсаңында ащы, қуырылған, майлы тамақты (май, ет, қаймақ, жұмыртқа, сүт, балмұздақ) жемеу керек, жемістерден бананды;
— қан тапсыру күні таңертеңгілік ас жеңіл болу керек (нан мен тәтті шай);
— қан тапсыру алдында 48 сағат бұрын ішімдікті қолдануға, 1 сағат бұрын темекіні шегуге болмайды;
— қан тапсырғаннан кейін донорға жоғары калориялық тамақ көп сусын қабылдау ұсынылады.

«Nur Otan» партиясының Т.Рысқұлов аудандық филиалы.

Поделиться ссылкой: