Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралады

622 Views

Сенбі күні облыс әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы бір­­қатар нысандарды аралады. Ай­мақ басшысы алдымен «Жамбыл су» мем­лекеттік коммуналдық кәсіп­орнында болып, алдағы жоспарларымен та­нысты. Мекеменің тыныс-тірші­лігімен таныстырған кәсіпорын ди­рек­торы Марат Смаилов бірқатар мәсе­лелердің барын жеткізді. Өз кезегінде аймақ басшысы бүгінгі күннің талабы қала­ның су-кәріз жүйелерін жамап-жасқау емес екендігін алға тартып, сала­ға талдау жұмыстар жасау арқылы бір жүйеге келтіру қажеттігін жеткізді. Бұл бағытта бірінші кезекте қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің аталған салаға қатысты жос­парын бекітіп, жұмысты шегелеп ше­шіп тастау керектігін баса айтты. Атал­ған жоспарды арнайы жиында қарай­тындығын да тілге тиек етті. Сон­дай-ақ өңір басшысы облыс елді мекен­деріндегі ауыз су мәселесін ше­шу мақсатында жаңадан құрылған бір­ың­ғай оператордың да ісін жүйеге кел­тіруді тапсырды. Бұдан өзге сала ма­мандары мекеменің аудандардағы бө­лімше қызметкерлерінің біліктілігін са­ралап, кадр мәселесін де тиімді шешу қажет.
Сонымен қатар облыс әкімі А.Аққо­зиев көшесінде орналасқан «Саңыраулардың қазақ қоғамы» Қоғам­дық бірлестігінің «Тараз оқу-өндіріс­тік кәсіпорны» мекемесінде де болып, жұмысымен танысты. Бүгін­де төсек жабдықтары мен арнайы жұмыс­шыларға арналған киімдер тігумен айналысатын кәсіпорынның шешілмей тұрған мәселесі өндірілетін өнімдерге тапсырыс алу екен. Көтерілген мәселе бойынша аймақ басшысы жауапты тұлғаларға өңірдегі мекемелердің мем­лекеттік тапсырысын жүйеге келтіруді тапсырды.
Келесі кезекте аймақ басшысы «Асар» Жамбыл облысы мүгедектер ұйымдарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігіне барды. Бірлестік жетек­шілерінің проблемасына құлақ асқан аймақ басшысы «Мамыр» саябағының аумағында орналасқан ғимараттарына жақын арада жөнделетінін жеткізді. Ол жөнінде бірлестік басшыларына жоспарларын дайындау керек деді. Сондай-ақ автобекет аумағындағы Талас өзенінің бойында орналасқан көпірге техникалық тексеріс жұмыс­тарына қанықты. Өз кезегінде облыс әкімі жауапты тұлғаларға аталған жұмыстың сапалы және уақытында аяқталуы бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз
қызметі.

Поделиться ссылкой: