ОРАЗА ДЕГЕН НЕ?
41 ViewsОРАЗА ДЕГЕН НЕ? Ораза дегеніміз – белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсілік қалаулардан тыйылу. Оразада ішіп-жеу және құмарлық сезімдерден сақтану – парыз. Оразаның уақыты –…
Жуырда Кәсіпкерлер Палатасы Т.Рысқұлов аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Омарта шаруашылығы өнімдерін экспорттау ережелері мен талаптары» тақырыбында семинар өтті. Аудандағы жеке қосалқы шаруашылықтары мен омарталарының өкілдері қатысқан семинарда Жамбыл облысының ірі ара өсірушісі Валерий Романенко дәріс оқыды.
Семинарға қатысушылар көптеген өзекті сұрақтар қойды. Олардың ішіндегі ең басты сұрақ өнімнің экспорты мен өткізілуіне қатысты болды. Романенко Валерий экспортқа рұқсатты қалай алуға болатынын, ол үшін қандай құқық белгілеуші құжаттар талап етілетінін, осы рәсімді неден бастау керектігін, жеткізу кезінде қандай өнім көлемін сақтау қажеттігін түсіндіріп берді. Сонымен қатар, Кәсіпкерлер Палатасы аудандық филиалының директоры Қайрат Өскенбаев кәсіпкерлерге қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда аудандық кәсіпкерлер палатасына келіп, мән-жайды білуге болатынын жеткізді.
«Құлан таңы» ақпарат.