Атқарған жұмыс нәтижесі сараланып, межелі міндеттер қойылды

758 Views

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңының, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы» Заңының, Орталық сайлау комиссияның қаулыларының және облыстық сайлау комиссиясы бекіткен жұмыс жоспарының негізінде жұмыс жүргізеді. Жуырда Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ауданымызға келіп, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2019 жылы атқарған қорытынды жұмысының нәтижесін саралап, тыңдап көрді. Өз кезегінде Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов бағдарлы баяндама жасады.
«Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы 2019 жылы 10 қаңтарда қайта жасақталды. Аудандық сайлау комиссиясының құрамында — 244 мүше бар. Оның ішінде 7-еуі аудандық сайлау комиссиясының, 237- сі учаскелік сайлау комиссия мүшелері. Қазіргі таңда 1 аудандық сайлау комиссиясы және 35 учаскелік сайлау комиссиясы бар. 35 учаскелік сайлау комиссияларының 2-і -11 мүшеден, 6-ы — 9 мүшеден, 13-і — 7 мүшеден, 14-і — 5 мү­шеден тұрады. 35 сайлау учаскесінің 29-ы мектепте болса, 6-ы ауылдық клубта орналасқан. 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеумен өткізу барысында аудандық, учаскелік сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, сайлауды Заң талаптарына және Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарына сәйкес жүйелі жұмыстар атқарды. Сондай-ақ, аудан көлеміндегі барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту- біліктіліктерін арттыру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде 7 аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері мен 105 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бекіткен қашықтықтан оқыту бағдарламасына сай оқытылып, сертификаттарын алды. Бұдан өзге бұқаралық ақпарат құралдарында аудандық сайлау комиссияларының құрамын , сайлау учаскелерінің шекараларын, учаскелік сайлау комиссияларының құрамын және ауылдық округ әкімдерінің сайлауын әзірлеумен өткізуін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Заң талаптарына сәйкес жарияланып отырды» деді Манарбек Әмреұлы өз баяндамасында.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңның кейбір ережелеріне тоқталды. Облыстық сайлау комиссиясы аудандық, учаскелік сайлау комиссияларының оқыту бойынша нақты кесте жасап бекітті. Ол оқу процессіне лектор ретінде тәжірбиелі комиссия мүшелерін қатыстырылатынын айтты. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен оның хатшысы ҚР «Сайлау туралы» Заңына енгізілген өзгерістер негізінде кәсіби деңгейде жұмыс атқарып отырғандығын айтып, төраға мен хатшының алда атқарар жұмысына бірқатар межелі міндеттер қойды.
Айта кетейік, көп жыл Республикалық сайлау науқандарында белсенділік танытқан комиссия мүшелерін,Республикалық деңгейде 7 мүшесі марапатталды, оның ішінде 2 облысымыздың азаматы. Олардың қатарында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Тлепов Манарбек Әмреұлы да бар. Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған болатын. Осы марапат барлық сайлау комиссия мүшелерінің еңбегі болып табылады. С.Айдапкелов іс жүргізу құжаттарымен танысып, комиссия мүшелерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: