Сенбілік жұмыстарына қатысты
27 ViewsАуданда сенбілік жұмыстары жалғасуда. Өткен сенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылының шығыс бөлігінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер маңында тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарына қатысты.…
Соңғы кездері Мұратбек Арыстанбеков басшылық ететін Абай ауылдық округінде көпке үлгі боларлықтай бастамалар жиі қолға алынып келеді. Бір айта кетерлігі аталмыш бастамаларға ауыл ақсақалдары, жастары, кәсіпкерлер мен елдімекен тұрғындары бір кісідей атсалысуда.
Жуырда ауыл тұрғындары бірлесіп, ауыл аумағында орналасқан мешітке үлкен көмек көрсетті. Нақты атап өтетін болсақ, «Дауылбай» шаруа қожалығының басшысы Жұмағұлова Шарапат әже отбасымен бірлесіп, ауыл мешітінің аумағына қос бірдей шағын нысан салып берді. Оның бірі – дәрет алу бөлмесі болса, екіншісі – арнайы заттар сақтаулы тұратын қойма. Абайлықтардың дәл осындай игі бастамалары мұнымен шектеліп қалған жоқ. Ауыл жастары 400 000 көлемінде қаражат жинап, мешітке үлкен кілем сатып алып берді. Ал қалған қаражатқа «азан» дауысын ауыл аумағына кеңінен естірту үшін музыкалық аппараттың дыбыс күшейткіш құырылғысын алып, сыйға тартты.
Игі бастамаға ауылдағы кәсіпкерлер де үлес қосты. Атап айтар болсақ, жас кәсіпкер Ернар Доғдырбек мешіт ішін әсемдеу мақсатында өз қалтасынан 250 000 теңге қаржы жұмсап, аталмыш қаражатқа үш бірдей аспалы шамды сыйлап, мешітке келушілерді қуантты.
Жәнібек СӘДУАҚАС.