Жарқын істер бастамасы

631 Views

Құмарық ауылдық округі облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту» пилоттық жобасы аясында жұмысты бастаған екі елді мекеннен тұратын үлкен округ екені баршаға аян.
Бұл пилоттық жоба аясында Құмарық ауылдық округіне 797,2 млн. теңге қаржы бөлінген, оның ішінде, үй іргесін тиімді пайдалануға 14,8 млн. теңге, мал шаруашылығын дамытуға 229 адамға 676,8 млн. теңге, 1 адам өз кәсібін ашуға 8,5 млн. теңге, мал азығын дайындау­ға 7,1 млн. теңге, 17 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алуға 89,9 млн. теңге қарас­тырылып, бүгінгі таңда игерілуде.
Ауылдық аймақта не­сиеге мал алған ауыл тұрғындары көп. Олар 7156 бас ана­лық мал алып, мал басын арттырып, ет және сүт өнімдерін өндіру, халыққа ұсыну мақсатында жоспарлы жұ­мыстарын бастап жатыр. Ауылдарда әр отбасының өз үйі іргесіндегі 54 гектар алқап жыр­тылып, са­рымсақ, картоп да­қылдары егіл­ді. Мал азы­ғына қажетті 284 га арпа, 630 га бидай, 139 га көп жылдық шөп егілді.
Осы аптада аудан әкімі Е.Садыр­құлов жұмыс алгоритміне сай пилоттық жоба аясындағы көктемгі жұмыстармен танысу үшін Құмарық ауылына қарасты елді мекендерде бол­ды. Ауылдық округ әкімі Б.Мансұр мен сала бойынша аудан әкімінің орынбасары Е.Қалыбаев, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Еспенов ағымдағы жылдың І тоқса­нында атқа­рыл­ған жұмыстарды баян­дады.
Содан кейін аулалардағы үй іргесіне егілген көкөніс дақылдары мен мал азығына арналған жоңышқа алқабын аралап көріп, қазіргі жағ­дайымен танысты. «Құмарық Тау» кооперативінің базасы болатын ау­мақты көріп, сала мамандарымен бірқатар мәселелерді талқылады. Өнім өндірудің тиімді тәсілдерін қарастыру, суғару, өнімді күтіп-баптау, жұмысты сапалы ұйымдастыру бағытында пікір алмасты.
Пилоттық жоба аясында атқа­рылып жатқан жұмыспен қатар, ауылда шешімін тапқан ауыз су мәселесі бойынша жасалып жатқан жұмыстарды көрді. Құмарық ауылынан Алғабас ауылына 2500 км шақырымға тартылатын ағын су жүйесінің жұмысымен де танысты. Бөлінген қаражаттың сапалы әрі тиімді жұмсалуына қоғамдық бақылау болатынын ескертіп, сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: