Қарттарым асыл қазынам

426 Views

Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлығы мен жанқиярлығы, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі өнеге. Олардың табандылығы мен Отанға деген сүйіспеншілігі жауынгерлерді Жеңіске жеткізді.
Ауданымыздан Отан қорғау жолындағы қан майданға 3520 жауынгер аттанып, оның 1738-і ұрыс далаларында ерлікпен қаза тапты.
Бүгінде Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік архивінде тұрақты сақтауда ҰОС ардагерлерінің жеке тектік құжаттар топтамасында да сұрапыл соғысқа қатысқан ардагерлеріміз туралы деректері аз емес. Солардың бірі – Қойбақов Мамыртай 1924 жылы 23 қыркүйекте Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Мамай ауылында дүниеге келген. 1942 жылы тамыз айында әскер қатарына алынып, Өзбекстан Республикасының Ферғана қаласында сержанттар даярланатын полкта 7 ай ПТР қаруын атуды үйренген. Немістердің танкілерін және бронды техникаларын істен жою міндеті болған. 1942 жылы Москваның Орехова Зуева қаласында 2 ай соғысқа дайындалып жаттығып, 1943 жылы Беларусь майданында болған. 1943 жылы қараша айында Смоленский, Битовский қаласында неміс фашистерінен азат ету кезінде аяғына снарядтың жарықшасы түсіп ауыр жарақат алып, 1944 жылы қаңтар айында жарамсыз болып туған елге мүгедек болып оралды. Мамыртай атамыз елге оралған соң, күш жігерін аямай 1946 жылы Тараздағы агро вет школын бітіріп, Мамай ауылында вет фельдшер болып жүмыс атқарған. Осы жылы Мамыртай атамыз отау құрған. Ұлы Жеңістің 30, 40, 50, 55, 60, 65, 70 медальдарымен, Белгілерімен, Орденімен (Отечественный войны 1 степени) марапатталған.
Отбасылық деректері бойынша 3 ұл, 3 қыз, 13 немере, 17 шөбере сүйген. Кенже ұлы Қойбақов Талғат Мамыртайұлы 1963 жылы туылған. Әскери шені – генерал-майор. Үлкен қызы Қойбақова Мереке ауданымыздың білікті дәрігері болған, қазіргі таңда зейнеткер.
Ауданымызда қазір көзі тірі 3 ардагер қалды. Олар: Сүлейменов Асаубай, Құрбанов Игенбек, Мырзахметов Жахан. Бұл майдангерлер туралы газетте жазылды. Сондықтан біз майдангер Мамыртай Қойбақов туралы аудандық мұрағатта сақталған деректі көпшілік оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

С. Жекебаева,
аудандық мемлекеттік архивтің директоры.

Поделиться ссылкой: