Қырық жыл қырғын болса да…

2 999 Views

«Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген бабаларымыздан қалған сөздің астары сұмдық енді. Кейде бұны өзге емес, «қазақтан басқа кім айта алсын» деген ой келеді мына шыр айналған шақша басқа. Өйткені, қарға тамырлы қазақтай қиыншылық көрген ұлт жоқ шығар сірә жер бетінде.
Мысалды алыстан іздемей-ақ қоя­лық. Мәселен, ашаршылық жылдары. Ұлт басына төнген қасіретті нәубеттен қазақ халқының саны мыңдап емес, мил­лиондап қырылды. «Асыра сілтеу бол­масын, аша тұяқ қалмасын» деген желеумен қазақты қынадай қырғысы кел­ген көкезу көкелердің көздегені бол­мады. Құдайдың бізге жасаған қам­қорлығын қараңызшы. Біз бұдан да аман шықтық.
Бір ғасыр бұрын Ахмет Байтұр­сынұлы «әлһәмдулилла 6 миллион қазақпыз» деп еді. Біз әрине демограф емеспіз. Әйтеуір осы сөзді оқыған сайын жүрек толқиды. Қолдан жасалған ашаршылық болмағанда, қазақтың саны бүгінде кемі 45 млн. болар ма еді… Мен мына нәрсеге таң қаламын. Бабаларымыз нендей жағдайды бастан өткерсе де, олардың ешуақытта сағы сынған жоқ. Ал біз қайтер екенбіз?..

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: