Луговой ауылында жалғасын тапты

530 Views

Аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың қатысуымен өткен кезекті көшпелі қоғамдық қабылдау Луговой ауылында жалғасын тапты. Ауылдық мәдениет үйінің жанындағы саябақта өткізілген көшпелі қоғамдық қабылдау барысында луговойлық тұрғындар Максим Горький атындағы орта мектеп пен «Балбөбек» бөбекжай-бақшасына табиғи газ қосу, Теміржолшы және Смат Есімов көшелерінің екінші бетіне жаяу жүргіншілер жолын салу, Ақбұлақ көшесі тұрғындарының жерлерін ресімдеу, тұрғындарға жаңа жер телімдерін беру, Луговой – 2, Ш.Егембердиев, С.Әденұлы көшелерінің кейбір үйлерін ауыз сумен толық қамту, ауыл көшелеріндегі қаңғыған иттерді залалсыздандыру сынды бірқатар мәселелерді сөз етіп, сауал қойды. Барлық қойылған сұраққа аудан басшысы нақты мысалдармен жауап беріп, жауапты сала мамандарға тапсырма жүктеді. Ал Түрксіб көшесінің тұрғындары көшпелі қоғамдық қабылдауға «көгілдір отын кіргізіп беремін»деп алып, қалтасын қампайтып кеткен мердігердің алаяқтық әрекетіне алданып қалғандарын айтуға келіпті. Ерболат Садырқұлов тұрғындардың сөзін ыждахаттылықпен тыңдап, бұл мәселені хаттамалық негізге енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, осы мәселе бойынша аудандық прокуратура мен полиция бөліміне ұсыныс берілді.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: