Жерлесіміз Президент тағайындаған «Халық Алғысы» мемлекеттік наградасына ие болды

537 Views

Ақпарат саласының үздігі, белгілі журналист, жерлесіміз Әбішева Гүлмира Әйткенқызы БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Бұл биыл ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жарлығымен арнайы тағайындалған мемлекеттік награда. «Biz birgemiz» онлайн-форумында коронавирус пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен 343 ел азаматы «Халық алғысы» төсбелгісін кеудесіне тақты. Жоғары құрметке бөленгендер қатарында күні-түні көз ілмей, айлап отбасын көрмей науқастарды емдеуге атсалысқан медицина қызметкерлері, полицейлер, волонтерлар, кәсіпкерлер мен журналистер бар.
Гүлмира Әбішева Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Жақсылық ауылында туған. Абай орта мектебін үздік бітіріп, әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық журналист мамандығы бойынша білім алған. Бірқатар республикалық БАҚ еңбек етті. Қазір «Хабар» Агенттігінің Маңғыстау облысындағы тілшілер қосынында жетекшілік етеді және ҚР Президент әкімшілігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Маңғыстау облысындағы бөлімшесін басқарады.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: