Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Ауданымызда 2020 жылдың қазан- қараша айларында «болуы мүмкін» деп күтіліп отырған «COVID – 19”-дың екінші толқынына дайындық жұмыстар осы бастан пысықталуда.
Қазіргі таңда аудандық орталық ауруханадағы тәуліктік төсек саны-107, соның 20 төсегі жұқпалы аурулар бөлімінде болса, 30 төсегі провизор бөлімінде қарастырылған. Дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар, жалпы сомасы- 49 миллион 479 мың теңге. Ауруханада 25 оттегі концентраторы, 50 дана пульсоксиметр бар.
Коронавирус індетінің 2-ші толқынына қажетті вирусқа қарсы препараттар қоры да жасақталған. Мысалы, номидес-500 капсула, рибовирин-1500 таблетка, фавипировир – 3064 таблетка, осельтамивир- 800 капсула. Медициналық мақсаттағы жабдықтар қоры да жеткілікті. Мысалы: термометр-500 дана, шпатель-6000 дана, бір реттік маска- 2000 дана, респиратор-1000 дана, бір реттік костюм -3600 дана, көп реттік костюм- 220 дана, көп реттік маска -1500 дана, қорғаныс көзілдірігі- 500 дана, дезинфекциялық препараттар қоры: антисептик – 200 литр, деохлор №300-40 қорап, глюзамин 5литр 16 канистр, дезотаксим 1литр 22 флакон, гипохлорид-250 келі антикоагулянт препараттары, антибиотиктер қоры сұраныс бойынша жеткізілуде.
«COVID-19» дертімен ауырған науқастарды емдеу мақсатында Құлан ауылындағы бұрынғы тубдиспансер ауруханасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аудандық орталық аурухана теңгеріміне берілді. Бүгінгі күні 100 төсекке ауданаралық инфекциялық стационар ашу мақсатында оттегі жүйесі жүргізіліп, 14 төсекке реанимация палаталары дайындалды. 2020 жылдың 1 қыркүйегіне жұқпалы аурулар стационары үшін 5 жасанды дем алу аппараты орнатылды, оттегі жүйесі тексеруден өткізілді. Жұмыс атқаратын 10 дәрігер, 31 орта буынды қызметкер мен 21 кіші медбикенің, 11 басқа да қызметкерлер тізімі дайындалып, жұмысты бастауға дайындық шаралары пысықталуда.
Ш.Мырзалиев,
аудандық орталық аурухананың бас дәрігері.