Жолдаудың басты мақсаты – сот жүйесін жетілдіру

319 Views

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына кезекті рет Жолдау жариялағаны баршамызға белгілі. Ел Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне, өмірлік маңызы бар мәселелерге және әлеуметтік қорғалуына баса назар аударылғаны мені қатты қуантты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының халыққа жолдаған Жолдауында сан түрлі салалар жан-жақты қамтылған екен. Айта кету керек, бұл қатарда өзіме жақын сот саласы да бар. Мәселен, Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету — құқықтық мемлекеттің ең маңызды шарты» деп атап өтті. Сондай-ақ, Президент туралықтан танбайтын әділ сот төрелігінің болуын, сот жарыспалы қағидат бойынша жүруге және судья айыптаушы жаққа тәуелді болмауға тиістігін, қоғамның соттарға деген сенімі барынша артқанын қалайтынын жеткізді.
Мемлекет басшысы Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсізді­гіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайтындығын айтып, нақты жүзеге асыратын жұмыстарды тізбектеп берді.
Дәл қазіргі таңда сот жүйесінде дау-дамайды шешудің баламалық тәсілдері мен «Медиация туралы Заңы» кеңінен қолдануда. Одан бөлек «Медиация туралы Заңның» аясын кеңейту мақсатында басқа да мемлекеттік органдарымен біріге жұмыс жасау істері де өз нәтижесін беруде. Бұл қадам сот істерінің сапалы әрі уақтылы қаралуына, сондай-ақ, азаматтардың талабын қанағаттандыруға ықпал ететіні сөзсіз.
Иә, Президент жаңа Жолдауы арқылы барлығымызға айқын міндет жүк­теді. Оны ел болып орындау – баршамызға ортақ міндет. Алдағы уақытта Президент Жолдауында көрсетілген барлық мақсаттар орындалып, мемлекеттің дамуына өз септігін тигізетініне сенімдімін.

Ғ.Аманбаев,
Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төрағасы.

Поделиться ссылкой: