Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! Заңның үстемдігі – табысты ұлттың кепілі
Мемлекетіміздің қолданыстағы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі — Заң) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары: заңдылық; адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы; жариялылық пен ашықтық; мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Аталып кеткен Заңның талаптарын сақтауға тек мемлекеттік лауазымды тұлғалар ғана емес, еліміздің әрбір азаматы сақтауға міндетті.
Бүгінгі күні Заңның үстемдігін арттырып асыруға қоғамның да үлес қосуы қажетті болып отыр. Сонда біздің еліміз дүниежүзіндегі озық дамыған 30 елдің қатарында иықтасып тұрады.
С.Айтжанов,
Жамбыл облысы Әділет департаментінің
филиалы «Т.Рысқұлов ауданаралық сот
актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің»
басшысы – аға сот орындаушысы.