Аумақтың сайлауалды штабының презентациясы!

731 Views

 11 желтоқсан күні «NUR OTAN» партиясы аудандық филиалында партияның сайлауалды штабында ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатын сайлауалды штаб басшысы Арыстанбеков Қанат Дәкенұлы ашып, жалпы штаб жұмысының мақсат міндетімен таныстырып, түсіндіріп берді. Ол өз сөзінде: «Бүгін яғни, 11 желтоқсан күнінен бастап сайлау алдындағы  үгіт — насихат жұмысы басталды. » NUR OTAN» партиясының  ХХ съезінен кейін бірқатар міндеттер  жоспарланып, елеулі жұмыстар атқарылды. Штабтар құрылып, өз жұмыстарына дайын. Партияның кандидаттары да науқанға өз дайындықтарын толығымен  жасады. «NUR OTAN» партиясы  бүгінгі таңда беделді партия екенін бəрімізге аян. Сондықтан өз сайлаушыларының дауысын иелену үшін сайлау алдында ашық əрі əділ жұмыс жүргізетіндеріне сенімдімін! «-деді. Одан əрі сөз кезегін  штаб басшысының орынбасары аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бижанов Қожайхан Қозыбайұлы  алып, жиынды ары қарай жалғастырды. «Сайлау науқаны əрдайым партия мүшелерін нығайтады жəне жаңартады. Жаңа белсенділермен жəне жастармен толықтырады. Сондықтан партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай:» Əрбір сайлау — партия құрылысындағы жаңа баспалдақ»-деп жастарға сайлау кезінде жақсы жұмыстар атқаруын тіледі. Келесі кезекте штаб басшысының орынбасары аудандық ардагерлер Кеңесінің мүшесі Өтегенов Серікбай Асханұлы партия қай кезде болсын өз ісіне дайын екендігін, алдағы науқанды » жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей біркісідей атқаруға шақырды. Жиын соңында сайлауалды штаб төрағасы сайлау науқаны 8 қаңтарға дейін жүргізілетінін айта келе, белсенділік танытып, жеңіс биігінен бірге көрінуге сенім білдірді.

«Nur Оtan» партиясы аудандық филиалы.

Поделиться ссылкой: