Штаб мүшелері мен кандидаттар үгіт насихат жұмыстарын жүргізуде.

583 Views

Сайлау науқанына да санаулы күндер қалды. Үгіт насихат жұмыстары шешуші сəт жақындаған сайын қарқынды жүріп жатыр. Осындай мақсатпен партияның сайлауалды штаб мүшелері мен аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар Мереке Айнакулов, Нұрдос Базаркулов, Бердихан Бабасов ауданымыздың ардагер ұстаздары Әмзе Даданұлы мен Қадірқоджаев Тахир ағаларымыздың үйлерінде канвассинг кездесу өткізді. Штаб мүшелері мен кандидаттар сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілерін түсіндіріп, 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Өткен жыл бəріміз үшін үлкен сынақ жылы болды. Пандемия біраз нəрсені өзгертті. Көптеген нəрселерге басқаша қарауға мəжбүр етті. Осы сындарлы кезеңде де мемлекетіміз үшін басты құндылық — адам өмірі мен денсаулығы екендігін тағы бір айқын көрсеткенін айта келе, сайлауалды бағдарламаның да басты басымдығы ел игілігі үшін жасалғандын айтып түсіндірді. Əр тұрғынның сұрақтарына нақты жауап беріп, ұсыныс- пікірлерін де тыңдады. Олардың кейбір ұсыныстарын назардан тыс қалдырмай бақылауда ұстайтындықтарын да жеткізді. Үгіт насихат жұмыстары кезінде еңбек ардагерлері мен көп балалы аналар да сөз алып, мемлекет пен партияның халыққа көрсетіп жатқан істеріне ризалық білдіре келе, сайлау науқанында таңдауларын дұрыс жасап, партиямен жеңіске бірге жетуге тілектерін білдірді.

Аудандық «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы.

 

Поделиться ссылкой: