ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!
13 ViewsҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ! Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз? Ол…
Халық партиясының еріктілері және парламент пен мәслихат депутаттығына кандидиттар Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында болып, аудан орталығының базарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, кестелік жоспарға сәйкес мәдениет бөліміне тиісті ғимаратта ауыл тұрғындары мен көпбалалы және жалғыз басты аналармен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Халық партиясының сайлауалды бағдарламасы кеңінен таныстырылып, аналардың ұсыныстары мен мәселелері тыңдалды.
Ауданның аналар қауымы халық партиясына деген сенімі мол екендігін жеткізіп жатты. Әсіресе білім және денсаулық сақтау саласындағы тегін және сапалы қызмет көрсету, зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендету, әр отбасыға 20 соттық жер телімін беру және т.б. бастамаларын қолдайтындықтарын атап өтті.
«Қазақстан Халық Партиясы» Жамбыл облыстық филиалы.