Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Шалғай құмның жиегінде орналасқан елді мекеннің бірі Д.Қонаев ауылы. Осы Ақниет ауылдық округіне қарасты қожалықтар қыстың қаһары сынысымен көктемгі егіске шығатын техникаларының ақауын жөндеп, ауыл шаруашылығы құрал-саймандарын түгендеуді осы бастан қолға алды. Осынау тірлікті Бекен Есенов пен Мәди Бөкетовтің шаруашылықтарындағы тракторшы механизаторлар қызу қолға алып, күзде жүзі қайтқан малалар мен соқа, тырмаларды ұштап, қайрап алдағы науқанға әзірлей бастады.
Бұл жұмыс әсіресе, М.Бөкетов басқаратын «Раушанбек» шаруа қожалығында икемділікпен жүргізілуде. Ағайынды Айтбек, Нұрбек Бөкетовтер қолда бар техникаларға техникалық бақылау жұмыстарын жүргізуде. Аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы, білікті инженер Қайырбек Ауталипов келіп, «К-700» қуатты тракторларының және басқа да ауылшаруашылығы құрал-саймандарының науқанға дайындығын тексеріп көрді. Механизаторлардың өндіріске енгізген рационализаторлық ұсыныстарын көзбен көріп, оған өз бағасын берді. Әсіресе, техникалардың қысқы мезгілде сақталуына көңілі толды.
(Суретте: Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы Қ.Ауталипов қожалық механизаторларымен бірге техникалардың сақталуын тексеру үстінде).
Д.Қонаев ауылы.