ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАР ЖЕРДЕ

457 Views

Аудан орталығындағы «Сұлтан» мешіті қаңтар, ақпан айларында да пандемияға байланысты көмекке мұқтаж үйелмендерге азық-түлік таратып, жабырқаған жандардың жанына сүйеу болды. Құлан мен Луговой ауылдарына барлығы 250 мың теңгенің қайырымдылық көмегі жасалды. Сегіз жанұяға сегіз қап ұн, бес литрден әрқайсысына сұйық май, 90 мың теңгеге үш сойылған қой еті таратылып берілді.
Сауап іздеген азаматтар мұнысын садақа ретінде бергендіктен өз аттарын атамай отыр. Індет кезінде мешіттер карантин талаптарын сақтай отырып, жұма намаздарын өз үйлерінде оқыса осы бір аптадан бері барлық кішігірім ауылдардағы мешіттерде арақашықтықты сақтап, намаз оқуға рұқсат етілді. Құлан, Луговой ауылы сияқты халқы көп мекендерде ғана жұма намаз әзірше оқылмайды. Сақтанайық, сақ болайық! Ал, қайырымдылық бар жерде Алланың мейірімі де бірге жүреді. Соны ұмытпайық, ағайын!

Суретте: «Сұлтан» мешітінің өкілдері азық-түлік таратуда.
«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: