Тағайындау

449 Views

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің 2021 жылғы 3 ақпандағы №22-ө/жқ өкімімен Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Терлікбаев Әлібек Мамытжанұлы тағайындалды.
Терлікбаев Әлібек Мамытжанұлы 1985 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Сәлімбай ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2009 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 2012 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық саясат бөлімінің статистігі болып бастаған. 2012-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының студенттік жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, 2015-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің бас маманы қызметін атқарса, 2016-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы, 2017-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы болып еңбек еткен. 2018-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, 2019 жылдың 10 маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарды.

Поделиться ссылкой: