ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!
20 ViewsҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ! Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз? Ол…
«Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына Каменка ауылының тұрғыны Гүлназ Базарбайқызы Сарқұлова қайырылды. Биыл қаңтар айында Гүлназ Базарбайқызының үйінен электр сымының тұйықталуынан өрт шыққан болатын. Соның салдарынан қыс мезгілінде үйсіз қалуына байланысты асыраушысынан айырылған, үш баланың анасы Гүлназ Базарбайқызының үйін жөндеп беру үшін «Nur Otan» партиясының жергілікті филиалы тарапынан көмек көрсетілді.
«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында аудандық мәслихаттың депутаты М.Мейманхановтың ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп ұжымы және аудандық білім бөлімінің кәсіподақ комитеті жөндеуге қажетті құрылыс материалдарын алып беріп, жөндеу жұмыстарына қолғабыс етуде.