Ешкім де, ешқашанда ұмытылмайды

731 Views

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына – 32 жыл. Осыған байланысты ауданымыздың әр округінде бекітілген кестеге сәйкес іс-шаралар өткізілуде. Солардың ең соңғыларының бірі – Луговой ауылында ұйымдастырылды.
Ресми деректерге сүйенсек, қазақ топырағынан 22000-нан астам жауынгер Ауған жеріне аттаныпты. Соның 120-дан астамы біздің ауданның азаматтары. Кешегі жас жауынгерлер бүгінде ел ағаларына айналған. Осы орайда ардагерлер іс-шараларға барып, өскелең ұрпақты бірлікке, Отанды қадірлеп, құрметтеуге шақырады. Дәл осындай мақсатпен Сәрсенбай Түйебаев пен Болат Дауылбеков күні кеше аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында бастан кешкен оқиғаларын баяндап, орталық шәкірттерінің өнерін тамашалады. Отансүйгіштік, патриоттық сезімді еселейтін іс-шара соңында балалар мен жасөспірімдер орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі Нұрболат Өскенбаев ардагерлерге өз атынан алғысын айтып, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: