Көкжөтел дегеніміз не?
43 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Өткен жыл барлығымыз үшін үлкен сынақ жылы болды. Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын-сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмыла білді. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды факторға айналды. Өкінішке орай, ауданымызда бүгінге дейін коронавируспен 241 адам, вирусты пневмониямен 139 адам ауырды. Құлан, Луговой, Қарақыстақ, Көгершін ауылдарында ауырған адамдар саны басқа ауылдармен салыстырғанда анағұрлым көп. Ауру өсімінің себебі, тұрғындар арасында сақтық шараларын сақтамау, қатерлі топтағы адамдардың отбасылық іс-шараларға қатысуымен түсіндіріледі. Сондықтан әр адам өзін-өзі сақтану шараларына аса көңіл бөлуі қажет. Коронавирусты жұқпалы індетімен күрестің тиімді шаралары: сақтық шараларын сақтау және коронавирус жұқпалы ауруына қарсы тездетіп екпе жасату, себебі коронавирусқа иммунитеттің қалыптасуы өте маңызды. Бүгінде аудандық емханада коронавирусқа қарсы екпе егу жұмыстары жүргізілуде, вакцинация 2 кезеңде жүргізілді, барлығы 350 адамға екпе жасалды. Оның 85,7 пайызы медицина қызметкерлері болса, 14,3 пайызы білім беру қызметкерлері. Наурыз айының 20-нан бастап басқа категориядағы білім беру қызметкерлері мен құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызметкерлер, диспансерлік есепте тұратын адамдарға 3-ші кезеңдегі екпе жасау басталады. Адамдар неғұрлым көп вакцинация алатын болса, коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеті қалыптасқан адамдар саны көбейеді, бұл вакцинацияланбаған адамдар үшін де ауырып қалу ықтималдығын азайтады. Яғни, біз ұжымдық иммунитетті неғұрлым тез дамытсақ, соғұрлым тезірек біздің облысымыздың және бүкіл елдің тұрғындары арасында коронавирустың таралуын тоқтата аламыз.
Р.Жұманкұлова,
аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары.