Мемлекеттік қызметшілер Әдеп Кодексінің талаптарын сақтауға тиісті

680 Views

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)» бекітілді.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.

Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Жамбыл облысы Әділет департаментінің филиалы «Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінде» қызметін атқарып жатқан мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарға мыналарды орналастыру мәніне талдау жүргізеді: әшкерелейтін фотосуреттер, бейне және басқа да материалдар; көңіл көтеру орындары мен шетелдік демалыс орындарынан фото және бейне, қоғам тарапынан сын тудыратын қымбат бағалы зергерлік бұйымдар мен өзге де сәнді заттарды көрсету. Нәтижесінде, Әдеп Кодексінің талаптарына қайшы келетін фактілер анықталғаны жоқ.

С.Айтжанов,

Жамбыл облысы Әділет департаментінің филиалы «Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің» басшысы – аға сот орындаушысы.

Поделиться ссылкой: