Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұловтың 2021 жылғы 19 наурыздағы №63-ө/жқ Өкімімен Ерғазы Жұмабекұлы Еспенов аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Ерғазы Жұмабекұлы 1983 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 2005 жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша бастап, қызмет атқарған. 2006-2007 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің статист маманы болса, 2007-2008 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы ретінде жұмыс істеген. Ал 2008-2011 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы болып еңбек етті. Сонымен қатар Ерғазы Жұмабекұлы 2011-2012 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық саясат секторының меңгерушісі болып қызмет атқарса, 2012-2014 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы ретінде жұмыс істеген. 2014 жылдың 23 қыркүйегінен бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.