30 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Оқушыларға сабақта бетперде тақпауға рұқсат етіледі
722 Views
IV тоқсанда «жасыл» және «сары» аймақта тұратын мектеп оқушыларына бетперде тақпай-ақ, дәстүрлі форматта оқуға рұқсат берілді. Бұл жағдайда 1 сыныптағы бала саны 25-тен аспауы тиіс. Ал қызыл аймақтағы өңірлерде жалпы білім беретін мектептердің оқушылары аралас оқыту форматында карантиндік режимді қатаң сақтай отырып, білім алады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді. Мектептерде музыка, көркем еңбек, информатика сынды қосымша пәндер қашықтықтан оқытылады. Бірақ дене шынықтыру пәнін таза ауада өткізу қарастырылған. Оқушылардың ыңғайлы форма киюіне де еркіндік беріледі. Коронавирус індетінің таралуы бірқалыпты аймақтарда асханалар өз жұмысын бастайды. Ал мектеп-интернаттар дәстүрлі оқыту форматына оралады. Оқу үлгерімі төмендеген балалармен жеке жұмыс істеу жалғасады.
qazaqstan.tv.

