Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Өткен аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жиын өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Серік Өтегенов және бірқатар бөлім басшылары мен өзге ұлт өкілдері қатысты. Жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралып, қоғамдағы тұрақтылық пен этностар арасындағы қарым-қатынас туралы сөз болды. Ең бірінші мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ернұр Мадияров есеп берді. Бөлім басшысы аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдаулары мен Үндеулері тиісті деңгейде ақпараттандырылып жатқанын айтты. Бұл жөнінде аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Серік Өтегенов те мәлімет берді. Сондай-ақ, аталмыш кеңес төрағасы жер, тіл мәселесіне де кеңінен тоқталды. Одан бөлек жастардың тәрбиесіне, оның ішінде қыз баласының тәртібіне аса көңіл бөлу қажеттігін алға тартты.
Баяндамашылардан кейін сөз алған аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев өз тарапынан бірқатар ұсыныстар тастады. Атап айтар болсақ, Жолдауды насихаттау, этносаралық және үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын жандандыру керектігін айтты.
Жиынның соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Аудан аумағында қоғамдық тұрақтылықты сақтауға, дамуына ерекше үлес қосып жүрген жандар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
«Құлан таңы» ақпарат.