Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Аудан әкімі өзінің есеп беру жиналыстарында әр ауылға барған сайын «Көгілдір отын» кіргізілмеген ауылдарға биыл газ кіргізіледі» деп уәде берген болатын. Міне, аудан әкімінің осы уәдесі үдесінен шығатын болды. Қазіргі таңда Сәбденов ауылы мен Қорағаты ауылдары аралағындағы 22 шақырым аралыққа құбыр салу жұмыстары қолға алынды. Бұл міндетті Қ о р д а й ды ң « М о н т а ж н и к » фирмасының мердігершілері (бастығы Төлен Дәулетұлы) өз мойнына алды. – Жақында аудан әкімі Е р б о л а т С а ды р қ ұ л о в ос ы н ы с а н н ы ң қ ұ р ы л ы с ж ұ мыстарының барысын өз көзімен көріп кетті. Мердігершілер әр көшеге газ құбырын тартып, әр тұрғынның үйінің тұсына газ кіретін тетік тастайды. Біздің ауылда осындай 11 көше, онда 158 түтін бар. Дәл қазір бес эксковатор тракторы жер қазу (траншея) жұмыстарымен айналысуда. Күні бүгінге дейін Ғани Мұратбаев, Мәншүк Мәметова, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Әлия Молдағұлова, Ыбырай Алтынсарин көшелеріне жер қазылып бітіп, Абай көшесі ғана қалды. Енді «Монтажник» мердігершілері Ақбұлақтан газ әкеліп, «ШРП» орнатып берген соң, қалған жұмысты «Трансгаз аймақтың» аудандық бөлімі өз қолына алады, -дейді ауыл әкімі Бақытбек Жақсымбетұлы Әбіләзімов. Әр үйге газ кіргізіп беру де ауыл халқына арзанға түсейін деп тұр. Мысалы, әр үй газ кіргізуші мекемеге 150 мың теңгеден ғана төлемақы жасайтын болады. Ал, Ақбұлақ ауылынан бергі шығынды мемлекет өз мойнына алып отыр. Ол да аз қаражат емес – 437 миллион теңгені құрайды. Сонымен биыл күзге дейін «көгілдір отын» кірмеген 11 ауыл
да жылынып, үй шаруасындағы әйелдердің жұмысы жеңілдеп қалатын шығар.
С.ҚОЖЕКЕ.
Қорағаты ауылдық округі.