Әлеуметтік желі қолданушылар назарына!

287 Views

Жамбыл облысы Әділет департаментінің филиалы «Т. Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» Сіздерге келесіні хабарлайды.

Соңғы кездері біздің елде алаяқтық фактілері жиілеп кетті, белгісіз тұлғалар борышкерлерге телефон арқылы қоңырау шалып, өздерін сот орындаушысы ретінде таныстырады және несиені өтеу үшін белгілі бір ақша сомасын төлеу қажетті екенін хабарлайды.

Белгіленген ақша сомасы болған жағдайда, белгісіздер өздері көрсеткен деректемелерге (реквизиттарға) ақшаны аударуды, жіберуді сұрайды немесе талап етеді. Алаяқтардың мұндай іс-әрекеттері сот орындаушылардың мәртебесіне кері әсерін тигізуде. Осыған орай, Сіздерден, алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмауларыңызды сұраймыз. Жамбыл облысының Меркі және Т.Рысқұлов ауданы аумағында Айтжанов Саламат Бакбергенович бөлім басшысы-аға сот орындаушысы (мемлекеттік сот орындаушысы) қызметін атқарады.  Көрсетілген аудандар аумағында атқарушылық іс жүргізу бойынша сұрақтары С.Б.Айтжановпен +7 778 328 63 22 нөмірі арқылы қабылданады. Т.Рысқұлов ауданында орналасқан жеке сот орындаушылары: 1) Асан Айдана Сұлтанқызы +77085831839, +77474308712, 2) Асубаев Нургиса Есенгалиевич +77022844914, 3) Самыратбаева Сая Курамаевна +77029464447. Меркі ауданында орналасқан жеке сот орындаушылары: 1) Абжанов Аскар Саматович +77011749803, 2) Иманалиев Жәңгір Тоқтаханұлы +77053355522, 3) Канаев Мубарак Амангелдиевич +77012221778, 4) Шарипов Ануар Жумакелдиевич +77021732224. Сондай-ақ, Жамбыл облысының қызметтегі мемлекеттік сот орындаушылары туралы мәліметті  Жамбыл облысы Әділет департаментінің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb?lang=kk (байланыс нөмірлері: 8 7262 43 21 95, 99 98 22, 43 35 76). Жамбыл облысы бойынша жеке сот орындаушылары жөнінде мәліметті Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының сайтында https://zhso.kz/index.php?view=catalog&cat_id=12 таба аласыздар (байланыс нөмірлері: 8 7262 45 36 16, 45 24 28).

Поделиться ссылкой: