Жазғы лагерьдің ашылу салтанаты өттіЖазғы лагерьдің ашылу салтанаты өтті

1 407 Views

Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл – жаз маусымы. Үш ай демалыс кезінде балалар алаңсыз асыр салып ойнап, бір жасап қалады. Оқушылардың дені өздері оқитын мектеп жанындағы лагерьлерге баратыны белгілі.
Осы мақсатта Қарақыстақ тау шатқалында орналасқан балалар мен жасөспірімдер орталығына қарасты жазғы лагерь кезекті мәрте балаларға өз есігін ашты. Лагерь жыл сайын көпбалалы отбасылардан, аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан балаларға арнап жұмыс істеп келеді. Жоспар бойынша биылғы жылы лагерьде 200 бала демалуы тиіс.
Қарақыстақ тау шатқалында орналасқан балалар мен жасөспірімдер орталығына қарасты жазғы лагерьдің ашылу салтанаты да өз деңгейінде өтті. Аталмыш шараға аудандық білім бөлімінің бас маманы Анар Базаркұлова, аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығына қарасты лагерь директорының міндетін атқарушы Гүлсана Сейтбаева қатысты. Лагерьдің ашылуы лагерьдің әдіскері Эльзат Тілеубаеваның сап түзеу хабарламасымен басталды. Одан әрі іс-шара аудандық білім бөлімінің бас маманы Анар Базарқұлованың құттықтау сөзіне ұласып, демалушы балаларға шат-шадыман көңіл күй мен қызыққа толы сәттердің көп болуын тіледі. Шараның келесі кезегі балалар мен тәрбиешілердің ұйымдастыруымен дайындалған тамаша концертпен өз жалғасын тапты. Салтанатты жиынның соңында балалар мен жасөспірімдер орталығына қарасты сауықтыру лагерінің психологы Самал Жабанованың демеушілігімен балаларға балмұздақ таратылды.
Лагерь аумағы балалардың жайлы демалуы үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Ыңғайлы асхана, ойын бөлмелері мен ойын-сауық алаңдары қарастырылған. Айта кету керек, биылғы жылы лагерьге актер Дәркен Есімбеков, аудан азаматтары Данияр Әлпейісов пен Дулат Каиповтардың демеушілігімен жөндеу жұмыстары жүргізілді.

А.БАЗАРҚҰЛОВА,
аудандық білім бөлімінің бас маманы.

Поделиться ссылкой: