ЕГІС АЛҚАПТАРЫН АРАЛАДЫ

491 Views

Апта басында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов жұмыс алгоритміне сәйкес «Луговой жылқы зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс даласында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстармен танысты.

Тарихы тереңде жатқан серіктестік ұжымы ауылшаруашылығы саласымен көптен бері айналысып келеді. Әсіресе, дәл қазір онда егіншілік шаруашылығы мықтап жолға қойылған. Бүгінде шаруа қожалығының егістік алқабына 6215 гектар күздік бидай, 2058 гектар алқапқа жаздық арпа және 350 гектар жерге жаздық бидай егілген.
Аталмыш қожалықтың қызметкерлері дәл қазіргі уақытта күздік бидайға орақ салып үлгеріпті. Ауа райы қолайсыз­дық тудырмаса, жуық арада астықтан шашау шығармай, қамбаға жиып алуды көздеп отыр. Ол үшін орақ науқанына 25 жұ­мысшы тартылып, алты дала кемесі мен дәл осыншама «КамАЗ» автокөлігі жұмылдырылған.
Іс-сапар барысында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов серіктестік басшысы Александр Линникпен ұзақ пікір алмасты. Сұқбаттасу кезінде қос тарап пай үлескерлеріне қысқы мал азығын тегін таратып беруге уағдаласып, алға қойылған жоспарларды пысықтады.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.

Поделиться ссылкой: