ЕГІН ЖАЙДАН ЕСКЕН ЛЕП

456 Views

Аудан шаруашылықтарында қазір орақ науқанының нағыз қарқын алған шағы. Диқаншы-механизаторлар егін ору басталғалы бері шілденің шіліңгір ыстығына қарамай, аласа шыққан астықты ысырапқа жол бермей, орып алу қамына кіріскен. Биылғы жылы аудан бойынша 64793 гектар алқаптағы бидай, 55760 гектар алқаптағы арпа орылып алынуы тиіс. Осынау 120 мың гектардан астам астықты орып, қамбаға құйып алу үшін егінжайда 203 астық комбайны жүр. Сырттан қосымша көмек күші тартылған жоқ. Қазіргі таңда бір комбайн тәулігіне 15,2 гектар танаптың егінін оруда. Ең төменгі өнім – 9,7 центнер.
Луговой жылқы зауыты, «Шәушен», «Ақтоған», «Бай Алғабас», «Қайқы», «Құлбарақ», «Мақсат», «Шалқар» тағы басқа да шаруа қожалықтары бұдан да жоғары өнім алуда. Алайда биылғы орақ диқандарға көп қиындық туғызуда. Соған қарамастан, қазіргі таңға, яғни шілде айының 21-ші жұлдызына барлық егіс көлемінің 44 пайызы орылып алынды. Дәлірек айтқанда, 53378 гектар алқаптың өнімі қырманға келіп түсті. Барлық алынған түсімнің көрсеткіші 51776 тоннаны құрайды.

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі.

Поделиться ссылкой: