Тағайындау

221 Views

Аудан әкімінің 12 шілде 2021 жылғы №163-ө/жқ өкімі негізінде Жеңіс Бақытбекұлы Әділов аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Жеңіс Бақытбекұлы 1985 жылдың 10 мамырында Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Алғабас совхозында дүниеге келген.
2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, Алматы заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы 1 қарашасынан №41 Малдыбай орта мектебінде зертханашы болып бастап, 2009 жылдың 16 сәуіріне дейін осы қызметті атқарған.
2009-2010 жылдар аралығында ҚР Қорғаныс министрлігі, Оңтүстік өңірлік қол басшылығы, Талғар ауданы, Қызыл-ту ауылындағы 97617 «к» әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметші болып еңбек еткен.
2010-2011 жылдар аралығында Малдыбай орта мектебінің зертханашысы, ал 2011-2013 жылдар аралығында Малдыбай орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған.
2013-2020 жылдар аралығында Ақыртөбе ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы ретінде жұмыс істеген.
2020 жылдың 4 маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының аймақтық бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы болып қызмет атқарды.
Отбасы жағдайы: Үйленген. 3 баласы бар.

Поделиться ссылкой: