Ұйымшылдықпен өтті
Үкіметімізге осыған дейін: «Әкімдерді халық сайласын» деген талай ұсыныс түскенін білеміз. Елдің сауалына құлақ асатын Үкімет жұрттың жан-айқайын естігені емес пе, бүгінгі ауыл әкімдерінің сайлауын халықтың таңдауына қалдырып отыр. Мен мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрегендігі деп білемін. Елде демократия болғаны қандай жақсы. 25 шілдеде ауылымызда өткен әкім сайлауына мен де жасымның ұлғайып қалғанына қарамастан, барып қатысып, өз қалауымды білдірдім. Жұрт сайлау учаскесіне ұйымшылдықпен келіп жатыр екен. Демек, демократиялық сайлауды халық аңсап қалған екен. Ал, кейбір кері кеткендер үйінде жатып алып: «Сайлауға несіне барамыз, бәрібір өзінің адамын сайлайды олар» деп көсемсиді. Ал, саналы азамат өз аяғымен барып, сайлау бюллетенін алып, өз қалауын білдіреді. Дауыс берудің де мәні мен мағынасы осында жатыр деп ойлаймын.
М.Іскендіров,
Қайыңды ауылының байырғы тұрғыны.