Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Аудан көлемінде жасөспірімдердің спортқа деген құлшынысы күн санап артып келеді. Содан болса керек, бүгінде олар сан алуан аламандарда аудан абыройын үстем етіп, жақсы нәтижелер көрсетуде.
«Спорт саңлақтарының ұстаханасы» атанған киелі Құлан жерінде кіндік қамы тамған даңқты спортшылар өте көп. Солардың ізін бүгінде Нұрданат Айтанов лайықты түрде жалғап келеді. Алақандай ғана ауданнан шыққан Азия чемпионы жуырда Венгрия астанасы Будапештте өткен байрақты бәсекеден жүлделі оралды. Нақты айтар болсақ, Нұрданат еркін күрестен өткен Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, ел мерейін аспандатты. 48 келі салмақта белдескен Нұрданат Айтанов еркін күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болып, еліміздің көк туын биіктен желбіретті. Жас чемпион кезекті бұл жеңісін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнағанын зор мақтанышпен жеткізді.
«Ат тұяғын тай басар» демекші бүгінде алдыңғы толқын ағаларының ізін басып келе жатқан жас чемпион додаға дайындап апарған бапкерлеріне, ата-анасы мен барша қолдаушыларға шексіз ризашылығын білдірді.
Аламанда атой салған ауданымыздың мақтанышы, арманы асқақ жас чемпионды күтіп алу сәтінде анасы қуаныштан көзіне жас алса, бапкері Асхат Телекеев, аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлік Шабеев және Құлан ауылының әкімі Еркін Сейтжапаров білекті балуанды жеңісімен құттықтап, бұл ауданымыздың ғана емес, күллі қазақ жұртының жеңісі екенін жеткізді.
Мөлдір ТАСТАНБЕК.