Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының VІІ тарауы «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» деп аталыпты. Осы тарауда мынадай жолдар бар: «Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі» деп атап көрсетілген.
Иә, бұл заңды құбылыс, өміріміздің басты үрдісі. Президент: «Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс. Бұны отаншылдықтың басты белгісі деуге болады» дейді. Қыркүйектің 5-ші жұлдызы күні №1-ші мектеп-лицейге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Сартаев Ренат Қанатұлы мен аудандық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша әдіскері Гүлмираш Қырықбаева жаңа оқу жылының басталуымен және Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай осы мектепте он жеті жылдан бері кітапхана меңгерушісі қызметін мінсіз атқарып келе жатқан Сағынаева Этира Асанбекқызын (суретте) құттықтауға келіпті. Аралас мектеп кітапханасының қорында 4568 кітап бар болса, соның 1872-сі қазақ тіліндегі кітаптар екен. Бұл да болса дәтке қуат, тілге медеу ғой.
Кітапханашы оқушыларға жаңа оқулықтар үлестіріп беріп тұрып мемлекеттік тіліміздің мәртебесін де бір сәтке ұмытпайды. Ендеше, тіл мерекесі құтты болсын, ағайын!
Суретті түсірген С.Қожеке.
№1 мектеп-лицейі,
Құлан ауылы.