НАСИХАТШЫЛАР ТОБЫ ІС ҮСТІНДЕ

188 Views

Құмарық ауылдық округінде құрамында 7 мүшесі бар насихатшылар тобы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен ауыл халқын таныстырып, осынау маңызды құжатты талқылауға айрықша мән беруде. Топқа округ әкімі Болат Шәкіртұлы Мансұрдың өзі жетекшілік етеді. Насихатшы топ, яғни ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әбубәкір Иебаев, Болтай батыр атындағы орта мектептің директоры, «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының жетекшісі Рабиға Жаңабердиева мен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің басшысы Мағрипа Серікбаева, Қаракемер ауылының ардагер ақсақалы Мамыт Рахимов пен Алғабас ауылының тұрғыны Сәтін Қарынтаевтар қазіргі таңда ел ішінде осы Жолдаудың маңызы мен мәнін ауылдастарына жете түсіндіруде.
Суретте: Насихатшылар тобының жетекшісі, Құмарық ауылдық округінің әкімі Болат Мансұр, ауыл ақсақалдар алқасының төрағасы Әбубәкір Иебаев және ауыл әкімдігінің бас маманы Күлдана Садықова үгітшілер тобымен ауылдарға шығар алдында Жолдау жолдарына бір сәт көз жүгіртіп тұр.

 

Поделиться ссылкой: