Көкжөтел дегеніміз не?
49 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Бұл ретте Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданған тұлғалар резервте тұрған кезеңде лауазымға міндетті түрде тағайындалады деп түсінбеу керек. Резервте тұрғандар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында одан әрі кәсіби және тұлғалық даму үшін оқыту курстары мен тренингтерден өту мүмкіндігіне ие болады.
Президенттің кадрлық резервіне қабілеті жеткен кез келген жастың ілігу мүмкіндігі бар. Тек, білімің мен білігің, ұшқыр ойың, қиыннан қиыстырып, қиындықтан алып шыға алатын, сын тұрғысынан ойлай алатын ақылың болса болғаны. Ең басты талап – үміткердің жасы 35тен аспауы, жоғары білімі және 5 жылдық жалпы жұмыс тәжірибесі, орта деңгейде мемлекеттік тілді білу. Іріктеуге қатысу үшін 2021 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында PKRezerv.kz сайтында тіркеліп өтінім беру, ол үшін қолданыстағы электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек және NCALayer бағдарламалық жасақтамасын орнату қажет.
Жеке кабинетте профильді толтыру және электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою қажет. Сонан соң, қажетті құжаттарды, яғни жеке куәлік көшірмесі, жоғары білім туралы дипломдардың көшірмесі, еңбек өтілін растайтын құжаттың көшірмесі және мемлекеттік тілді білетіндігі туралы сертификатты жүктеу қажет.
Айта кететіні, Президенттік резервте болу мерзімі – 3 жыл.
Президенттің жастар резервін құру бір күнде пайда болған дүние емес. Айта кету керек, бұған дейін де елімізде құқық қорғау органы саласында осындай тәжірибе енгізіліп, өзінің жетістігін де берген. Бұл жоба елді өркендетуге бел буған, сол үшін бар күш-жігерін жұмсайтын азаматтарға арналған жоба. Басты міндет – талантты жастардың Қазақстанды жаңа белестерге көтеруіне мүмкіндік беру. Ең бастысы – туған еліңді шексіз қадірлеу және оған адал қызмет ету. Табанды еңбек етіп, нақты нәтижеге қол жеткізу керек. Бұл ұлтты жаңғырту үшін өте маңызды.