Келелі жиын өтті
21 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Жаһанды жайлаған індетпен күрестің ең тиімді де дұрыс жолы – оған қарсы жаппай екпе салдыру, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Бұл – әлем мойындаған шешім, оны Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында да айтып өтті. Ұжымдық иммунитет қалыптастырмай, аурудың таралуын тоқтату мүмкін емес. Медицина мамандары осылай деп отыр. Тек екпе салдыру арқылы ғана біз қалыпты өмірдің қайтып келуіне мүмкіндік тудырамыз.
Екпе егу – ұжымдық иммунитет қалыптастырудың жалғыз тиімді жолы. Бүгінде вакцина «COVID-19» инфекциясын жұқтырмаудың бірден бір жолы екенін аудан тұрғындары жіті түсінгендей. Осы орайда, ауданымызда коронавирусқа қарсы екпе салдыру шарасы қарқынды жалғасуда.
Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарының саны 63 254 құраса, соның 30 223-і екпе алуға жататын тұрғындар. 2021 жылдың ақпан айынан бастап, 07 қыркүйек аралығында ауданға барлығы 26220 доза вакцина жеткізілген. Оның ішінде І компонентпен 24934 салынған. Бұл мақсатты топтың 82,5 пайызын құрайды. Ал ІІ компонентпен 20022 адам, яғни мақсатты топтың 66,2 пайызы салдырған.
Өз саулығы арқылы өзгенің амандығын ойлаған аймақ тұрғындары да саны күннен-күнге көбеюде. Жұқпалы дертке қарсы вакцина қабылдауда медицина қызметкерлерінің үлесі жоғары. Бүгінде аудандағы медицина қызметкерлерінің 100 пайызы вакцина алған. 2404 білім саласының қызметкерлері, 1441 мемлекеттік қызметкерлер екпе алған.
Сонымен қатар, екпе қабылдау үшін ауданда бригадалар жасақталған. Жылжымалы екпе бригадалары елді-мекендерді аралап, вакцина салу жұмыстарын да белсенді жалғастыруда.
Аудандық медицина қызметкерлерінің айтуынша, міндетті вакцинация – мәжбүрлеу емес, жауапкершілікке шақыру. Әрбір саналы азамат өзі, туыстары мен әріптестеріне қауіп төндірмес үшін мүмкіндікті пайдаланып екпе алуы тиіс. Екпе алу – еліміздің әрбір азаматының парызы.
Мөлдір Тастанбек
Т.Рысқұлов ауданының баспасөз қызметі