Қазақтың «Амалы» – татулықтың қамалы
14 ViewsҚазақстанның батыс аймағындағы облыстар Көрісу мерекесін өте жоғары деңгейде атап өтеді. Бұл мерекеге оңтүстік өңірлердегі жұртшылықта ерекше ден қою үстінде. Онысы өте дұрыс деп…
Өткен аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында келелі кездесу өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев пен облыстық мәслихаттың депутаты, «Рысбаева және Ко» ЖШС-нің директоры Сәуле Рысбаева қатысты. Сондай-ақ, аталмыш жиын кәсіпкер аналардың, ауданның экономика, білім саласында бой көрсетіп жүрген азаматшалардың қатысуымен өтті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы кеңінен талқыланды. Әсіресе, қатысушылар Жолдауда еңбек адамдары үшін маңызды бастамалар көтерілгенін, білім, ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік салаларына айрықша көңіл бөлінгенін және аталмыш құнды құжат ел экономикасының қарқынды дамуына ерекше серпін беретінін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, кездесу барысында бизнесті бастау, оны әрмен қарай дамытып, кәсіпті кеңейту жолдары тізбектелді. Сондай-ақ, бизнес идеяларды қолдауға арналған мемлекеттік жобалардың түрлері аталып, оны тиімді қолданудың маңызы жөнінде сөз өрбіді.
Шара соңында ауданның іскер азаматшалары Сәуле Рысбаеваға өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.