Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
117 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Қыркүйек айының 28-і күні аудан әкімі Ерболат Садырқұлов қоғамдық қабылдау бөлмесінің кестесіне сәйкес аудан тұрғындарының жеке өтініш-тілектері бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.
Луговой ауылында өткен көшпелі қоғамдық қабылдауда ауыл тұрғындары тарапынан иесіз иттерді аулау, жер кезегіне тұрып, оған қол жеткізу, Түркісіб және Т.Қуанышбекұлы көшелеріне көше жарығын жүргізу, Теміржолшы және Қ.Әбіқұлов көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу мен теміржол электр энергиясының тарифін арзандату сынды әлеуметтік мәселелер көтерілді.
Аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы өз тарапынан қойылған сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында шешімін табатынын және айтылған мәселелер тиісті сала басшыларына жолданып, әр сауал жеке өзінің бақылауында болатынын жеткізді.
Айта кетейік, дәл осындай форматтағы қабылдаулар кестеге сәйкес Абай, Қарақыстақ ауылдық округтерінде де өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.