Ағаш көшеттері отырғызылды
64 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Тәуелсіздік құрдастарын қолдаңыз, ағайын!
Банкоматты қолдану барысында тұрғындардың басым бөлігі орыс тілін таңдап жататыны жасырын емес. Олардың айтуынша, қазақ тілінде берілген пәрмендер түсінуге қиындық туғызады екен. Сондықтан да халықтың басым бөлігі орыс тілін таңдауға мәжбүр. Бірақ біз мұнымен ешқашанда келіспейміз. Керісінше оның еш қиындығы жоқ екендігін нық сеніммен айтқымыз келеді. Тек бойыңызда «жасап көремін», «ұмтыламын» деген талпыныс болса жеткілікті.
Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Осы бір айтулы датаны есте қалдыру мақсатында ел аумағында көптеген бастамалар, түрлі акциялар мен жобалар қолға алынуда. Тәңір сыйлаған Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «құлантаңдықтар» да үнсіз отыруды қаламайды. Керісінше теңізге құйған тамшыдай болса да тіліміздің тұғырға қонуына өз үлесімізді қоссақ дейміз.
Жуырда аудандық басылымның тілшісі Марат Диханбай екеуміз «Halyk bank-ке» барып, банкомат ұсынған үш тілдің ішінен төл тілімізді таңдап, өз жалақымызды алдық. Тіпті, банкоматты қазақ тілінде қолдануды білмейтін кейбір тұрғындарға шағын түсіндіру жұмыстарын да жүргіздік. Ізінен осы ісімізді бастама ретінде көтеріп, жаңа челленджді тәуелсіздіктің бірқатар төл құрдастарына жолдауды жөн деп таптық.
Ендеше, біз осы бір челленджді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ернұр Мадияровқа, аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Әбіләшім Мырқасымовқа, білім бөлімінің әдіскері Гауһар Ноғайбаеваға және аудандық орталық аурухананың жалпы тәжірибелі дәрігері Телжан Әбдіхалықовқа жолдаймыз.
Баянды бастамаға қолдау білдірейік, ағайын! Себебі, тілді тұғырға қондыратын күн жеткен секілді.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.