Қауіпсіздікті сақтау – басты міндет

412 Views

Оқу-жаттығу жиыны

Соңғы кездері Ауғанстандағы ахуал бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Әсіресе Орта Азия елдері бүгінде шекарасын шегендеп, оқыстан орын алатын оқиғаға тас түйін дайындалуда. Олардың арасында біздің ел де бар. Мемлекет басшылары дәл қазіргі таңда ел аумағында түрлі тактикалық жаттығуларды өткізіп, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізуде.

Өткен аптаның жұмасында Қарақыстақ тауларының бөктерінде онға жуық мекеменің қатысумен үлкен жиын өтті. Оған аудан әкімі Ерболат Садырқұлов және оның орынбасарлары мен төтенше жағдайға қатысы бар мекемелердің қызметкерлері қатысты. Оқу-жаттығу жиыны екі сценарий бойынша өрбіді. Жауапты мамандар тосыннан берілген тапсырмаларды өз деңгейінде орындап, олардың іс-әрекеті шара басшыларының көңілінен шықты. «Үздік» деп танылған мекемелер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Олардың құрамында әкімдік аппараты, аудандық полиция бөлімі мен аудандық орталық аурухананың қызметкерлері бар.
Шара соңында аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлы белсенді қатысқан әрбір жанға шексіз алғысын жеткізді.

Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой: