30-40 жылдардағы қоғамдық-саяси ақтаңдақтар

429 Views

1928-29 жылдары Кеңес үкіметі еңбекшілер билігімен социализм орнату үшін байларды тəркілеуді, 1929-30 жж. ұжымдастыруды бастаған. Тəркіленген 696 ірі байдың 76-сы старшин, болыс, хан тұқымдары, билер, 8-і молда-ишандар, 44-і алаш ордалықтар болған. Тəркілеуге 400 бас малы бар «көшпелі», 300 бас малы бар «жартылай», 150 бас малы бар «отырықшы» қожалықтар ұшыраған. 696 ірі байдың 75-і жанұясымен көрші мемлекетке, көпшілігі еліміздің басқа аймақтарына жер аударылған.
Ішкі істер органдары тəркілеуге қарсы шыққан 605 адамды жəне 176-сын ұлтшылдар, 1356-сын «контра» — деп қамауға алған. Барлығы 2733 адам жазаланған .
Тəркілеу, ұжымдастырудың мақсаты – қазақтың дəстүрлі тұрмыс тіршілігінен ажыратып, отырықшылдандыру арқылы билік үстемдігін орнату болған. Себебі патша үкіметі көшпелі елімізде 148 жылда толық отарласа, ал көрші отырықшы Өзбек еліне 3-5 жылда билігін орнатқан болатын. Кеңес билігі ұжымдастыруды 40 пайызға жоспарласа, асыра сілтеу саясатының нəтижесінде 150 пайызға орындаған.
Осы солақай саясаттар, ет, азық салықтары, құрғақшылық, малдың қырылуына ұрындырып 1932-33 жж. ашаршылыққа әкеп соғып, 2,5 млн. халқымыз қырылған. 1930 жылы 44,7 млн мал болса, 1933 жылы содан 4,7 млн. бас мал қалған , миллионға жуық қазақ шет елге бас сауғалаған. Жəне Ұлы Отан соғысында 700 мыңнан астам жауынгерлеріміздің опат болуы демографиялық зардапқа ұрындырған.
Əкімшіл- əміршіл жүйе 1947- 1952 ж.ж. Ұ.О.С.-да тұтқынға түскендерді 1945- 46 ж.ж. қираған өндірістерді қалпына келтіру жұмыстарына шеккен. 1947 ж. тұтқында болғандардың көпшілігін əскери трибунал 10-25 жылға соттап лагерлерге тоғытқан. Облысымыздағы арнайы мемлекеттік мұрағатында сақталмаған, ақталған жəне тұтқында болғаны үшін жазаланған 130 адамның жеке ісі бар екен.
Халқымыз зұлмат зауалына ұшырағандарды еске алып, рухтарына құрмет көрсетіп, есімдерін естен шығармаған . Мемлекет те бірнеше рет ақтау шараларын жүргізген. Мысалы, 1989 жылы облысымыздың прокуроры 3 мың азаматты ақтау туралы бас прокуратураға ұсыныс түсіріпті.
1992 жылы Елбасы «зұлмат зауалын» ғылыми тұрғыдан зерттелуін тапсырған болатын.
Өткен жылы қарашада Президентіміздің «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау» жарлығы шықты. Өңірлерде жарлықты қолға алып жатқан комиссиялар зерттеулерін жүргізуде.
«Парыз» қоғамдық бірлестігі басшысы ретінде қоғамдық негізде аудан ауылдарында жастар орталығы мамандарымен бірігіп аудан əкімдігінің, білім бөлімінің қолдауымен ауылдарды аралап семинар — кеңестерімізде өлкетанушылар тобын ұйымдастыруды бастадық.
Семинар — кеңесте тəркілеу, ұжым­дастырудың мақсаты, келеңсіздіктері, ашаршылықтың себептері мен зардаптары мəліметтері берілді. Ауданымыздан қуғынға түскен 23 азаматтың есімдері жəне облысымыздан 3 мың халық жаулары мен жазаланған 180 соғыс тұтқындары құжаттары облыстық прокуратурада бар екенін хабарладым.
Өлкетанушылар сұраныс жасап прокуратурадан дерек алса жəне «Парыз» Қ.Б. Ресейде, Беларуста есімдерін ескерткішке жазғызған «Боздақтар» ұрпақтарын тапқаны, аймақтық байқауда, аудандық көрмеде жоғары бағаланады.
Өлкетанушылар тобына, тарихшылар, əскери пəн жетекшісі, белсенді ұстаздар, оқушылар, ауыл жастары жетекшілігін, мектеп басшысының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары болуы жəне ауыл ақсақалдарынан «кеңесші» топ ұйымдастырылуын ауыл əкімі, мектеп директоры үйлестірсе, деректеу жұмыстарының нəтижелері болады.
Өлкетанушылар қортынды іс-шаралары
1. 3-ші желтоқсанға дейін Өлкетану бұрыштарын жабдықтау.
2. 6-10-шы желтоқсанда аймақтарда өлкетану бұрыштарының байқауына қатысу.
3. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 13-16 желтоқсанда аудандық өлкетану бұрыштарының көрмесіне деректеу материалдарымен қатысу.
4.13-14 желтоқсанда облыстық прокуратураға көрмеге әкелу.

Әлі Бекқұлы Әліұлы,
халықаралық энциклопедияның «Даңқ» галлереясына енген
республиканың үздік өлкетанушысы, ҚР «Аманат» сыйлығының
иегері.

Поделиться ссылкой: