Жүлдемен оралды

595 Views

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен облыстық «Aq jol» газетінің редакциясы басылымының 100 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» жобасын негізге ала отырып, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» жалпыұлттық акциясын жүзеге асыру, оқу мәдениетін дамыту және қолдау, отбасылық оқу үлгісін қалыптастыру, әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Өзің оқы, өзгені шақыр» атты топтық байқау өткізді.
Байқауға облыс көлемінде Байзақ, Меркі, Саудакент, Жаңатас, Жуалы, Т.Рысқұлов, Шу аудандық орталық кітапханасының зағип оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінің оқырмандары мен Тараз қаласынан Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының оқырман тобы қатысты. Байқаудың жалпы мақсаты кітапханаға оқырмандарды тарту және оқуды насихаттау, еліміздің барлық тұрғындарының күш-жігерін қазақстандық оқырман ұрпақты тәрбиелеуге шақыру, оқу сауаттылығын арттыру, заманауи қоғамдағы табысты, бәсекеге қабілетті және заманауи қоғамда өзара іс-қимыл жасай білетін тұлғаны қалыптастыру, ең үздік қазақ, шетел жазушыларының шығармаларын насихаттау болды.
Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық филиалының директоры, ақын Хамит Есаман, «Aq Jol» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт, Сарысу аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнұр Алтынбекова және Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ардагері Мейрамкүл Ысқақ, кітапхананың ақпараттық библиографиялық бөлімінің бөлім меңгерушісі Айгүл Оразқұлова әділ қазылық етті.
Байқаудың талаптары бойынша 3 (үш) оқырманнан құралған топ ұсынылған 120 (жүз жиырма) кітаптың 40 (қырық) кітабын оқуы, ал мүмкіндігі шектеулі, зағип оқырмандар тобына 120 кітаптың 15-ін оқуы шарт болды.
Байқау қорытындысы бойынша әділ қазылардың шешімімен байқау талаптары бойынша көп кітап оқыған, ең үздік оқырман топтары бойынша зағип оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқырман тобы Меркі ауданы III орынды, Сарысу ауданы II орынды және Т.Рысқұлов ауданы жүлделі I орынды жеңіп алды.
Байқауға ауданымыздан Т.Рысқұлов аудандық орталық кітапханасына қарасты «Көзі көрмейтін және әлсіз көретін» оқырмандармен жұмыс жүргізетін кітапханашы Нағима Қалқамбаева оқырмандар тобын даярлап, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Айнұр Райс пен аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Нұршат Ерсайын қатысып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ж.Базылбек.

Поделиться ссылкой: