Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Осы аптаның сәрсенбісінде ауданға Жамбыл облыстық дін басқармасының басшысы Жангелді Омаров арнайы келіп, жиын өткізді. Басқарма басшысының ондағы басты мақсаты – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты ел халқына арналған жаңа Жолдауын жан-жақты талқылау болатын. Айта кетейік, аталмыш жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Жеңіс Әділов, Жамбыл облысы дін басқармасының діни экстремизмге қарсы насихат бөлімінің басшысы Н.Қуанышев және мемлекеттік қызметкерлер, БАҚ өкілдері қатысты. Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиында облыстық ақпараттық топ мүшесі Жангелді Омаров алғашқылардың бірі болып сөз алды. Ол сөзінде Жолдауда берілген тапсырмаларды, Президент жүктеген міндеттемелерді толыққанды баяндап, жиынға қатысып отырған мемлекеттік қызметкерлерді бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
«Құлан таңы» ақпарат.