ИСЛАМ – халықтық дін

564 Views

Кездесу

Осы аптаның сәрсенбісінде аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында шағын жиын өтті. Оған аудандық дін саласындағы арнайы мамандары мен ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысып, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізді. Атап айтар болсақ, аталмыш кездесуге теолог Н.Төленді, аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы С.Жадраев және аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Сәрсеханұлы қатысты. Сондай-ақ, жиынға аудандық пробация есебінде тұрған азаматтар да қатысып, дін төңірегіндегі мәселелер кеңінен талқыланды. «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында өткен кездесуде спикерлер әр түрлі мысалдарды келтіре отырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларына тоқталды. Әсіресе, соңғы он жылда болған террористік іс-әрекеттер жайында кеңінен әңгіме өрбіп, оның салдары мен кемшін тұстарына баға берілді.
Жиын соңында теолог Н.Төленді мен аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы С.Жадраев аудандық пробация есебінде тұрған азаматтардың сауалдарына толыққанды жауап қайтарды.

Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой: