Іскер әйелдер демеушілік жасады

968 Views

 Іскер әйелдер демеушілік жасады

 «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы Тұрар Рысқұлов аудандық іскер әйелдер кеңесі көптеген ілкімді бастамалардың қолдаушысы болып жүр. Өткен аптада рес

Автомобиль  публикалық «Мектепке жол» акциясы шеңберінде өрбіген «Біз мектепке барамыз» атты қайырымдылық шарасы бұл сөзімізге нақты мысал болса керек-ті.

Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде өткен ізгілікті шараға аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Өтеулиева, аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Эльмира Мырзагелдиева мен Аналар кеңесінің төрайымы  Сәуле Әденова қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде Ләззат Шәкуалықызы:

– Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Мектепке жол» акциясына биыл -10 жыл. Бұл шара тамыз айының 1-нен бастап, қыркүйек айының 31-не дейін жағасады. Акцияның мақсаты – әлеуметтік жағдайға байланысты аз қамтылған отбасы балаларына көмек қолын созу болып табылады. Бұл ретте, мен Эльмира Мырзагелдиева, Роза Мамырбаева, Әсел Тұралиева, Гүлжан Қоңырбаева, Маржан Оспанова, Кенжекүл Байқұлова және Сымбат Сихимбаева сынды іскер әрі жақсылыққа жаны құштар қайырымды азаматшаларға жеке алғыс айтқым  келеді. Өйткені, бүгінгі акциямыз аты аталған жайсаң жандардың демеушілік жасауымен өтуде, -деді. Шара барысында «Құлан нұры» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақыт Мырзалиева да пайымды пікір білдірді. Содан соң, Мейірім Айтжан, Нурислам Құрманғазы, Абзал Сейдалы, Айғаным Тұрсынбай, Абылайхан Бердалие, Наргиза Раппабаев, Аяужан Жәрдем, Амина Маханбай, Самат Қияс, Аяжан Жетпіс есімді мектеп оқушыларына іскер әйелдер кеңесінің мүшелері оқуға қажетті құрал-жабдықтарды табыс етті. «Біз мектепке барамыз» атты қайырымдылық акциясының соңы аудандық мәдениет үйінің әншілері Рысбек Қадырқұлов пен Нұрлан Әмірбетовтің орындауындағы көңілге ой салар тұщымды өлеңдер циклымен қорытындылады.

 

Марат ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ.

 

Поделиться ссылкой: