Құрбан айт мерекесімен құттықтау
Құрбан айт мерекесімен құттықтау
Қадірменді мұсылман бауырлар, құрметті жерлестер!
Сіздерді әлемдегі барша мұсылмандардың ұлық мейрамы – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Құрбан айт баршамызға мүбәрак болсын!
Дін тірегі – имандылық. Имандылық әр адамды тек жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Әділет, парасат жолымен ғана жүруге үндейді. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері діліміз, тіліміз, дініміз қайта оралып, ізгі еліміз күн санап өркендеуде. Айрандай ұйыған ұлт өкілдері арасында қалыптасқан достық пиғылдағы келісім арқасында қазақ жерінде 140-тан аса этнос пен 17 конфессия бейбіт қатар өмір сүріп жатыр. Ауданымыздың мұсылман қауымы осында мекендейтін өзге дін өкілдерімен өзара бірлікте тату-тәтті өмір сүріп келе жатқандығын мақтан етуге болады.
Құрбан айт татулықты басты тірегі еткен Тәуелсіз еліміздің халықтық мерекесіне айналды. Елбасы мерейлі мейрамды Қазақстан жұртшылығы үшін демалыс күні деп жариялады. Парасатты шешім халықтар
достығы мен бірлігін нығайта түсуге септігін тигізіп келеді.
Еліміздің барлық азаматтары өздері таңдаған дінді уағыздап, өздерінің туған тілінде сөйлеп, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтауда. Мұның бәрі Мемлекет басшысының салиқалы саясатының жарқын дәлелі және ол біздің мемлекетімізде адамның құқықтары мен бостандықтарына, наным мен сенім еркіндігіне кепілдік беретін демократиялық қағидаттардың беріктігін білдіреді. Елімізде сүттей ұйыған конфессияаралық келісімге ұйытқы болып, тек имандылықты, инабаттылықты, қайырымдылықты, жан және тән тазалығын ғана уағыздайтын Ислам дінінің ұлтаралық келісімді нығайтуға қосып отырған үлесі де зор. Ендеше, қадірменді ағайын, әр шаңыраққа шалқыған шаттық, баянды бақыт, қуаныш әкелетін барлық әлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі Құрбан айтпен тағы да құттықтай отырып, әрбір отбасына бақыт, береке тілейміз. Құрбан айт құтты болсын! Ізгі ниеттеріңізге нұр жаусын!
аудан әкімі: А.ҚЫРЫҚБАЕВ,
аудандық мәслихат хатшысы: Т.ЖАМАНБАЕВ,