ӨРКЕНИЕТ БИІГІНЕ БАСТАЙТЫН БАҒЫТ

550 Views

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңе­сінің кеңейтілген отырысында елі­міздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға «Елдіктің жеті тұ­ғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсын­ды. Онда ұлттың кемел келешегі, елдің баянды болашағын меңзеген келелі бағыттар айтылған. Кешегі баба­лар салған сара жол да, бүгінгі жас ұрпаққа бағдаршамдай жарқын бағыт нұсқай алатын кеңес те бар.
Елбасы өз сөзінде «30 жылда 9,5 миллионнан астам сәби дүниеге келді. Олардың алдыңғы шебі орда бұзар отызға толып отыр. Бұл – көзі ашық, көкірегі ояу, санасы азат, ойы озық жаңа буын. Мемлекеттілікті сақтап, Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету осы ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия деп санаймын» деп, адамзаттың негізгі бақыты саналы ұрпағы екеніне назар аудартты. Және сол ұрпақтың елінің, Отанының алдындағы пер­зент­тік парызын, жауапкершілігін де жастарға бағыттап, еске салды.
Елбасының айтқан жеті тұғырлы бағдардың әрбірінде халықтың түпкі құндылықтары қамтылған. Тәу етер Тәуелсіздігіміз, бабалардан қалған өнеге, салт-сана, ұлттық мәдениет, білім, отбасы бақыты, халықтың ортақ қазынасы – жер, берекеге бастайтын ел бірлігі, қабілеттілік сынды адамға жан-жақты дамуға қажеттінің бәрін де тізіп берді. Бұл біздің ел болып бірігіп, өркениет биігіне бастауға жетекші болатын нық қадам деп білемін.

Қ.АРЫСТАНБЕКОВ,
«Nur Otan» партиясы
Т.Рысқұлов аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары.

Поделиться ссылкой: