Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
24 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Жуырда Қарақат ауылында орналасқан № 2 шағын орталықты орта мектебінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесімен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, «Еңбек екпіндісі» медалінің иегері, ардагер ұстаз Рамазан Юсупұлы Гериковтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Адам ұрпағымен мың жасайды» атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ұстаздарға, мектеп оқушыларына ауылдың құрметті азаматы, білім саласының өркендеуіне өзіндік үлес қосқан қамқор әке, әулет ұйытқысы бола білген ардагер ұстаз Рамазан Юсупұлы туралы тереңірек білуге жол ашу. Сондай-ақ, кеш барысында ұстаздың еңбек және өмір жолын жастарға насихаттау және үлге ету басты назарға алынды.
Аталмыш кешке ағаймен бірге еңбек жолын бастаған әріптестері, туған -туыстары, ұл-қыздары, шәкірттері және мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты.
Кеш барысында қонақтар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесін және ардагер ұстаздың өнегеге толы өмірін еске ала отырып, жылы лебіздер мен тілектер және естеліктер айтты. Ал мектеп оқушылары ән-жыр айтып, арнау өлеңдерін оқыды. Атаулы мереке қарсаңында өткен кеш өте жоғары деңгейде өтті. Сондай-ақ, кешке қатысқан жас буын өкілдері ағайымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім беруге қосқан үлесінің орасан зор екенін ұғынды.
Рамазан ағай мектепте еңбек атқара жүріп, ұстаздарға үздік тәлімгер, адалдық пен ерліктің ұйытқысы, ұлағатты ұстаз бола білді. Сол арқылы ол көптеген оқушының талабын танып, әр шәкірттің болашағына бағыт-бағдар көрсетті. Бұл ұрпақ жадында мәңгі сақталар айнымас ақиқат. Сол үшін де біз аталар жолын жалғастырып, олардың өнегелі өмір жолдарын үлгі тұтуымыз қажет. Бір сөзбен айтқанда, ұрпағымен мың жасайтын Рамазан Юсупұлындай ұстаз біздің мәңгі жадымызда сақталады.
Гүлнар ҚОРАЛАСБАЕВА,
№ 2 шағын орталықты орта мектебі директорының
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары.